«Толық адам» ілімі негізіндегі «Мерейлі ұстаз» бейнесі тақырыбында қалалық семинар-практикум » КГУ "№1 жалпы білім беретін орта мектеп города Курчатов"
Коммунальное
білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72251) 3-47-84
Есеп бөлімі:
+7 (72251) 3-47-84
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » «Толық адам» ілімі негізіндегі «Мерейлі ұстаз» бейнесі тақырыбында қалалық семинар-практикум
11
Сәуір
2024

«Толық адам» ілімі негізіндегі «Мерейлі ұстаз» бейнесі тақырыбында қалалық семинар-практикум

Қалалық әдістемелік кеңестің жоспарына сәйкес педагогикалық процесті ұйымдастырудың тиімді әдістері арқылы мұғалімнің құзыреттілігін дамытудың заманауи тәжірибесі мен әдістерімен алмасу мақсатында қала мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Толық адам» ілімі негізіндегі «Мерейлі ұстаз» бейнесі тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді.
Семинардың ашылуы «Жалын» көркемсөз оқу үйірмесінің көрінісінен басталып, қатысушыларды құттықтау сөзі Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ директоры Смагулова А.М. берілді. Пленарлық бөлімнің соңғы баяндамасын мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Заманбекова Ж.Қ. «Мерейлі ұстаз» жобасы төңірегінде сөз қозғап, жобаның қызметінің мақсаты мен міндеттеріне, оның өзектілігіне тереңінен тоқталып өтті.
Семинардың жалғасы 7 аудиторияда шебер сыныптармен жалғасын тапты. Шеберлік алаңдар жоғары деңгейінде жұмыс жасап мақсаттарына жеткенін, семинар соңындағы кері байланыста қатысушылардың лебіздері аңғартты.