Абай облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. » КГУ "№1 жалпы білім беретін орта мектеп города Курчатов"
Коммунальное
білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72251) 3-47-84
Есеп бөлімі:
+7 (72251) 3-47-84
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » » Абай облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
05
Қыркүйек
2023

Абай облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Саркина Арай Иманбековна – білімі жоғары, еңбек өтілі 27 жыл.Бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші.
№1 жалпы білім беретін орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі ретінде 13 жыл қызмет атқарады.
Ізденімпаз ұстаз Арай Иманбекованың жарық көрген еңбектері: «Ыбырай Алтынсариннің қазіргі білім берудегі педагогикалық мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдарының жинағы 2022ж, «Ыбырай Алтынсарин ізбасарлары» өңіраралық педагогикалық форум материалдарының жинағы 2022ж, «Білім, ғылым, мәдениеттің даму аспектілері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция. 2022-2023 оқу жылында өткізілген «Жаңа форматтағы үздік бастауыш мұғалімі» сайысына қатысып үздік атанып, 1 орынды иеленді.
Жаңа технологиялардың түрлі әдістері мен тәсілдерін пайдалана отырып, оқушының сабақ үстіндегі әрекетін мазмұнды ұйымдастырады. Әртүрлі дайындық деңгейіндегі оқушылармен жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыс түрлерін байланыстыра отырып ұйымдастыру мұғалімнің жоғары нәтижелерге жетуіне көп мүмкіншілік береді. Өз жұмысында қазіргі кездегі технологиялардың элементтерін кеңінен пайдаланады.
Осындай еңбегінің нәтижесі ретінде ШҚО білім саласына қосқан үлесі үшін "Құрмет грамотасымен" марапатталған.
2022-2023 оқу жылында оқушысы Теңлік Аңсар – "Зерде" республикалық зерттеу жобаларына қатысып қалалық және облыстық деңгейден 1 орын иеленіп, Республикалық деңгейге жолдама алды.
«Асыл тас» интеллектуалдық конкурсынан екі оқушысы жүлделі орындар алды. Курманбаева Амина ІІІ орын, Теңлік Аңсар ІІ орын.
Республикалық деңгейдегі оқуларға қатысқан оқушыларының көрсеткіші төмендегідей керемет нәтиже:
Амангелді Інжу - «Ілияс оқулары» 2023ж
Серік Аяжан- «Ілияс оқулары» 2023ж
Слям Сара - «Ілияс оқулары» 2023ж
"Мақатаев оқулары" 2023ж.,
Слям Сара 2 орын
Ағбай Фарида 2 орын
Теңлік Аңсар 2 орын
Жалпы білім беретін пәндер бойынша бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиада Амангелді Інжу 3 орын иегері атанды;
Осындай еңбектерін бағалай отырып Абай облысының білім басқармасының Құрмет грамотасына ұсынылады.