Абай облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. » КГУ "№1 жалпы білім беретін орта мектеп города Курчатов"
Коммунальное
білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72251) 3-47-84
Есеп бөлімі:
+7 (72251) 3-47-84
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » » Абай облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
05
Қыркүйек
2023

Абай облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Окасов Бекболат Серикказинович Семей мемлекеттік педагогикалық институтын 1996 жылы биология және химия мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Педагогикалық еңбек өтілі 22 жыл, педагог зерттеуші.Мектепте 2009 жылдан бастап биология және химия пәні мұғалімі болып қызмет етеді.
Бекболат Серикказинович - өз мамандығының әдістемесін өте жақсы білетін ұлағатты ұстаз. Білім беру саласында 22 жыл еңбек етіп келеді. Тәжірибелі маман ретінде білім беру бағдарламасы жүйесінің алдындағы міндеттерді шешу жолдарына, білім беру үдерісінде инновациялық технология әдістемелерін тиімді енгізу бағыттары туралы әдістемелік көмек көрсетіп жас ұстаздарды тәрбиелеуге үлес қосып келеді.
Өз сабағының тәрбиелік, білімділік және дамытушылық сипатына ерекше назар аударып тақырыпқа сай аймақтық компонентерді қоса және оқушының оқу - зерттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Қойылған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда мазмұнды, қызықты әрі шығармашылық бағытта сабақтар өткізеді.
Мұғалім оқушыларды білімділікпен қоса шығармашылыққа баулып оқушылары да түрлі конкурс, олимпиадалар жеңімпаздары атанды.
2019 - 2020 оқу жылында Бекболат Серикказинович қалалық «Жыл мұғалімі - 2020» байқауына қатысып жүлделі орын алып, үздік мұғалім атанды.
2021 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жыл мерекелік медалімен наградталды;
2023 жылы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық кезеңіне қатысып, отбасылық құндылықтарды насихаттауға үлес қосқан үшін дипломмен марапатталды;

2021-2022 оқу жылында 7-8 сыныптар арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 7 сынып оқушысы Саятов Ердос жүлделі 3 орын иегері;
2022-2023 оқу жылында «Өмір ағашы. менің әулетімнің шежіресі» республикалық конкурсының облыстық кезеңіне қатысып 8 сынып оқушысы Окасов Есболат жүлделі 3 орынды иеленді;
Жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндерден Президенттік олипиаданың облыстық кезеңінен Адылбекова Жанель жүлделі 3 орын иегері;
Осындай еңбектерін бағалай отырып Абай облысының білім басқармасының Құрмет грамотасына ұсынылады.