04
март
2024
“Ұлттық құндылық - тәрбие көзі” қалалық семинар
Наурыз айының 4 күні мектебімізде “Ұлттық құндылық - тәрбие көзі” тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты - біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру, тәрбие бағыттары бойынша жұмыс түрлерінен шеберлік сағаттары мен танымдық сабақтар, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртудың маңызын көрсету болды. Семинар “Жалын” көркемсөз оқу үйірмесінің көрінісімен басталды. Көріністе ұлтымызға тән даналық пен ұмыт болып бара жатқан бірқатар салт - дәстүрлер орын алды. Ат тергеу, қолға су құю, төркіндеу, сәлем салу, қонақ күту мен көршілердің татулығы сипатталған көріністің авторы қосымша білім беру педагогы Кучукова Роза Амантаевна.
Келесі кезекте көріністің жалғасы ретінде Оразқан Айболаттың “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” тақырыбындағы ата - аналар жиналысының үзіндісімен жалғасты.
Мектебіміздің маңдайалды ұстазы Окасов Бекболат Серикказинович “Әкелер мектебі” жобасы аясында ата тарихын зерттеу, шежіре тарқату, отбасы жәдігерлерін сақтау, ұл бала тәрбиесіне байланысты өзінің авторлық тәжірибесімен бөлісті.
Семинар “Киелі сандар” танымдық сабағы мен “Жеңгелер мектебі” жобасының “Қыз бала гүл” тақырыбындағы практикалық жұмысымен жалғасты. Қыз баланың әшекей тағуы, бұрым қоюы, киімі мен жүріс-тұрысынан құнды мағлұмат берген мектебіміздің жас мамандары болды. Семинарымыз тақырыбына сай ұлттық құндылықтарымыз бен тәрбиені ұштастыра білу - бала болашағы үшін маңызды екеніне дәлел бола алды.