11
апрель
2024
Ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру.
Бүгінгі таңдағы өткір мәселе жаңартылған білім мазмұны аясында мектеп бағдарламасындағы мақсаттардың күрделенуі және білім сапасын арттыру болып табылады. Тіпті қазіргі технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім сапасын қамтамасыз етудегі мұғалім рөлін ешнәрсемен ауыстыруға болмайтындығын халықаралық тәжірибелер көрсетіп отыр.
Әр ұстаз өз ісінің шебері болып қана қоймай білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдарын үнемі жетілдіріп отыруы шарт. Әрине күрделі тақырыпты меңгертуде қолданылатын әдіс – тәсілдер өте маңызды, алайда білім алушылардың қабілетін ескере отырып неғұрым қарапайым тілде тақырыпты жеткізе білу ол нағыз кәсіби шеберлік және тақырыпты толық меңгеруге өз септігін тигізетіні анық.
Өткізілген шебер сыныптардың басты міндеттерінің бірі – күрделі тақырыптарды оқытуда ұлттық құндылықтарға бағытталған оқытуды жүзеге асыру, ұмытылып бара жатқан халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, ұлттық ойындарды жандандыра отырып білім беру.
Шебер сыныпта мектебіміздің физика пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Заманбекова Жанар Қалымжанқызы өз тәжірибесімен бөлісті.